Борыштарды өндіріп алу
«ЮГ-КОЛЛЕКШН (UG-COLLECSHN)» коллекторлық агенттігі» ЖШС компаниясы ұсынатын коллекторлық қызметтер іс-шаралардың тұтас кешенін орындауға байланысты және борышкерді кредиторға борыштарды қайтарууды бастауға немесе аяқтауға ынталандыруға бағытталған. Борыш міндеттемелерін жылдам өтеу үшін соттан тыс бірқатар рәсімдер, сондай-ақ борыштарды мәжбүрлеп қайтаруға бастама жасайтын қадамдар мен әрекеттер қарастырылған.
Soft Collection
Борышкермен жұмыс істеу сатысына байланысты SMS, (ақпараттандыру, өтеу туралы талап), сондай-ақ интерактивті Call Center қолданбаларын пайдалану арқылы проблемалы берешекті өндіріп алудың сотқа дейінгі қашықтан рәсімдері (calls, direct-mail, SMS).
Hard Collection
Коллектор-инспектордың борышкермен тікелей жеке өзара іс-қимыл жасауы кезінде проблемалы берешекті өндіріп алудың толық сотқа дейінгі рәсімі. Борышкерді борыштарды өтеуді аяқтау жөніндегі іс-қимылдардың қажетті реттілігіне тарту.
Legal Collection
Сот инстанцияларына, Сот актілерін орындау жөніндегі мемлекеттік қызметке, сондай-ақ жеке сот орындаушыларына жүгіну арқылы борыштарды мәжбүрлеп өндіріп алу процесін ұйымдастыру және жүргізу.